Мүгедектердің жеделсатысына мініп алған бір топ адам желідегілердің ашуын туғызды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 22:32 видеодан алынды
Ол мына түрімен жақын арада бұл жеделсаты сынып тынады деп күйінеді.

Әлеуметтік желілерде аспалы жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүгедектерге арналған жеделсатыға мініп алған бір топ адамның видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы дерекке сүйенсек, бұл аспалы көпірге шығып-түсуі үшін мүгедектерге арналған жеделсаты үш адамды ғана көтере алады екен. Ал есік ашылғанда, жеделсаты ішінен үш емес, тіпті оншақты әрі сап-сау адамдар сыртқы сау ете түсті. Оларға "неге мүгедек адамның жеделсатын қолдандыңыздар" деп сауал қойылғанда, қолына бала жетектеген бір әйел: "Ақымақтарыңызды кешіріңіз", - деп қалжыңдап, мәселе жауабынан жалтаруға тырысты.

Видеоны Алматы қаласының Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, арбаға танылған мүгедек Богдан Джепка желіге жүктеген. Ол мына түрімен жақын арада бұл жеделсаты сынып тынады деп күйінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: