Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда ескертусіз кварц қосып, науқастарды күйірген медбике жазаланды

wikipedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 17:09 wikipedia.org
Медбике А.Кушенова және кіші медбике М.Жайтанова өз еркімен жұмыстарынан босатылды.

Маңғыстау облысында науқастар жатқан палатаға ескертусіз кварц қосып кеткені үшін медицина қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, 26 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының инфекция бөлімінде түсірілген видео тараған болатын. Онда науқас бала мен оның әпкесі жатқан палатаға ескертусіз кварц қосылғандығы, 45 минуттан кейін олар көздеріне шағымдана бастағаны айтылған. Және ауаны залалсыздандыратын құрылғыны медбикелердің нұсқауымен тазалыққа жауапты кіші медбике қосқандығы атап өтіледі. Екі медбикенің өз кінәларын мойындап отырғаны да видеода тіркелген.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бұл дерек бойынша аурухана басшысы М.Сарыевтің төрағалығымен отырыс өткен.

"Нәтижесінде, өз жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін инфекция бөлімінің меңгерушісі А.Табынбаеваға ескерту, аға медбике И.Такеноваға сөгіс жарияланды. Медбике А.Кушенова және кіші медбике М.Жайтанова өз еркімен жұмыстарынан босатылды. Қазіргі уақытта науқастар үйлеріне қайтып, барлық дәрі-дәрмектерін алды. Науқастың үйіне аурухана басшысының орынбасары Р. Жаппарова барды. Ол баланы және оның әпкесін қарап, өз бақылауына алды", - деді ведомстводан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: