Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда қарызын сұраған қарияны көршісі өлтіріп тастаған

: pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 19:03 : pixabay.com
Ол Сарыағаш ауданында жәбірленушінің төңірегінде үй жалдап тұрған Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуы бойынша, қарызы сұрап келген зейнеткермен ол жанжалдасып қалған.

Түркістан қаласында төрт айға жуық із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданының тұрғыны Сарыағаш аудандық полициясына хабарласып, осы жылдың маусым айында Сарыағаш ауданына қарасты бір ауылда тұратын анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы шағымданған. Аталған факті полиция бөлімінің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары қолға алынды.

Полиция тәжірибелі криминалды полиция қызметкерлері мен тергеушілерден тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Жоғалған зейнеткерді іздеуге криминалистер мен учаскелік инспекторлар шықты. Тәртіп сақшылары төңіректегі барлық нысандарды аралап, адамдардан сұрақ-жауап алып, басқа да амалдарды қарастырып көрді.

- Әйел адамның жалғыз тұратынын ескерген тергеушілер ол кісімен соңғы кездері қарым-қатынаста болған барлық адамды анықтап, тексерді. Төрт ай бойына полиция қарияны іздеуді тоқтатпады, барлық келіп түскен ақпаратты мұқият зерделеді. Ақыры қарт әйел кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін деген болжам жасалды. Жоғалған адамдарды іздестіру облыстық полиция басқармасы басшылығының ерекше бақылауында болды, деп атап өтті Түркістан облыстық ДП баспасөз қызметі.

Бірнеше айға созылған іздеуден кейін Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын қолға алды. Тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамды іздеу бойынша тергеу жұмысын жалғастырды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 4 айдан кейін қылмыстық полиция қызметкерлері зейнеткердің жоғалып кетуіне қатысы бар күдіктінің ізіне түсті. Ол Сарыағаш ауданында жәбірленушінің төңірегінде үй жалдап тұрған Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуы бойынша, қарызы сұрап келген зейнеткермен ол жанжалдасып қалған. Айқай-шу кезінде күдікті әйелді ұрып өлтірген. Одан соң оның денесін үйінің ауласына көмген. Полиция қызметкерлері жоғалған адамның денесін күдікті көрсеткен жерден тауып, сараптамаға жіберді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: