Сарыағашта 16 жасар қызды тамағына пышақ тақап, зорлап кетті
pixabay.com
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.
Сарыағашта 16 жасар қыз зорланды. Бұл туралы заңгер Құрманғазы Мүсір мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокаттың айтуынша, 22 қазанда Сарыағаш қаласында кәмелетке толмаған Ш. (16 жаста) есімді қызды тамағына пышақ тақап қорқытып, зорлап кеткен.
- Екі ер адам Audi көлігіне мініп, ізін суытқан. Кеше кәмелетке толмаған қыздың анасы Сарыағаш полиция бөліміне арызданғанда, олар кеш кешке дейін арызды қабылдамай, әуреге салған. Арызды қабылдамауларына олардың оралмандар және әлі де Қазақстан Республикасының азаматтығын алмағандарын алға тартқан. Ақыры зардап шегушінің анасының қазымырлығының арқасында шағым ақыры өткен полицияға (анасының айтуы бойынша), деп жазды Құрманғазы Мүсір Facebook-тегі парақшасында.
Зардап шеккен тараптың айтуынша, күдіктілердің бірі - бұрынғы полиция қызметкері.
Осыған байланысты адвокат облыстық полиция басшылығынан істі жеке бақылауға алуын сұрады.
Өз кезегінде Түркістан облысы ДП баспасөз қызметі бұл іс бойынша күдіктінің бір адам екенін хабарлады.
- Өзбекстан азаматының 23 қазандағы арызына сәйкес, шағым түскен күні ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Сол күні кешке полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол қамауда. Соттық-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық жағдайлар анықталатын болады. Екінші күдікті туралы ақпарат расталған жоқ, - дейді полициядағылар.
Сонымен бірге олар күдіктінің ішкі істер органына ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript