Оралда жоғалған екі баланың бірі өлі табылды
ҚР ІІМ ТЖК
Құтқарушылар екінші баланы іздестіріп жатыр.
Оралда жоғалған 2014 жылғы баланың денесі Жайық өзенінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Сағат 12:00-де Жайық өзенінің бойында жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 2014 жылы туылған баланың денесін тапты (үстінде киімі бар). Құтқарушылар екінші баланы іздестіріп жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2014 және 2017 жылы туған ұл балалар 24 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылында жоғалып кетті.
Балалар үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалған. Балалардың жоғалғаны белгілі бола салысымен шұғыл іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript