Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайдағы көші-қон қызметінің бастығы 3 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 16:45 pxhere.com
Ол Г.Кравчуктің қатысуымен жүйелі түрде шетелдік азаматтардан жалпы сомасы 3 млн 10 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Қостанайдағы көші-қон қызметінің басшысы бірнеше рет пара алды деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы полиция департаментінің Қостанай көші-қон қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі К.С. Байжановқа қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен қозғалған сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.

Ол Г.Кравчуктің қатысуымен жүйелі түрде шетелдік азаматтардан жалпы сомасы 3 млн 10 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Э.В.Манукян, И.И.Гребенюк, А.Л.Егиазарян, М.П.Закоян, Х.М.Махмадов сынды шетел азаматтары өзіне қамқорлық жасап, ықтиярхатты кедергісіз тіркегені үшін пара берген.

2019 жылдың 29 қазанында №2 қалалық сотының үкімімен Байжанов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, осыған дейінгі атақтарынан айырылды.

Кравчук те осындай айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер - Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовтарға берген ақшасының он еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: