"Тайғанап, жүре алмайды". Ақтөбе облысында 200-ден аса көлік жолда қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:36 видеодан алынды
Жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қар жауып, ұйытқып соққан боран салдарынан жолаушылар автобусы, 125 жүк көлігі мен 70-ке жуық жеңіл автокөлік тас жолда тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 3 қарашадан бастап боран соғып тұр. 4 қарашаға қараған түні төтеншеліктер жүргізушілерге мұзтайғақ болатынын ескертті. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Самара-Шымкент тас жолында көліктер тұрып қалды. Қарлы боранның кесірінен жолдарда тұрып қалған көлік тізбегі көптеген шақырымға созылады. Құтқарушылар адамдарды қар құрсауынан алып шығуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:36

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ырғыз облысының Қалыбай ауылының маңында 196 көлік кептеліп тұр, оның ішінде жолаушылары бар бір автобус, 125 жүк және 70 жеңіл автокөлік бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:36

Кейін автобус жолаушылары Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы "Қалыбай" дәмханасына жеткізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:36

Видеосы мында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: