Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да бастығымен қоса 16 полиция қызметкері жазаланды

Patrul.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 21:54 Patrul.kz
Облыстық полиция басқармасы бастығының бұйрығымен қызметтік құжатты желіде таратқаны үшін бірқатар лауазымды адамдар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО полиция қызметкерлері интернетте ресми құжатты таратқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полиция бөлімі қызметкерлері қызметтік құжатты әлеуметтік желілерде таратқаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Облыстық полиция басқармасы бастығының бұйрығымен бірқатар лауазымды адамдар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- 16 полиция қызметкері, оның ішінде аудандық полиция бөлімінің бастығы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. "Қасақана кәмелетке толмаған адамды зорлау" және "Өзін-өзі өлтіру" баптары бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеуді өзім жеке бақылауға алдым», - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Бақтыбаев.

Айта кетсек, 28 қазанда Шемонаиха қаласында жеті жасар қыз зорланған. Полиция күдіктіге қатысты нұсқаулық таратып, ол әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда арызданушының аты-жөні, тіпті мекен-жайына дейін мәлімет ашық көрсетілген.

Қылмысты қыздың анасымен бірге тұрып жатқан ер адам мас күйінде жасаған. Кейінірек ер адамның өлі денесі табылды, ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екені айтылды.

Бүгін осы жайға қатысты Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев тергеу жүріп жатқанын айтқан еді.

- Егер полицияның кінәсі дәлелденсе, әрине, олар жазаланады. Облыста тергеу жүріп жатыр, - деген ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: