Жарты күн жарықсыз қалған Нұр-Сұлтан қаласына ток беріле бастады
Тоғыз көп пәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот сынды стратегиялық нысандарға жарық берілді, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, 9 тұрғын үй кешені: "Уют", Crown Plaza, Tұмар (2 үй), Art House, Viva Plaza, Алатау, Жасыл бульварға жарық берілді.
"Бәйтерек" монументі, "Керуен" сауда орталығы, "Изумрудный кварталы" бизнес-орталығын, Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу жұмыстары әлі жүргізілуде. Кабельдік желіде апат болып, оны 15 адамнан және 6 техникадан тұратын арнайы жұмысшы топ қалпына келтірді.
Ақауды жою кезінде қауіпсіздік мақсатында ғимараттар электрден ажыратылды.
Елорданың әкімі Алтай Көлгінов желіде ақау орын алған жерге барды. Қала әкімі апаттың себебін анықтауға тапсырма берді.
10 қарашада елордадағы "Сол жағалау" қосалқы станциясында болған апатқа байланысты елорданың сол жағалауының 70% -ы электр жарығынсыз қалды, оның ішінде Ақорда, Парламент Мәжілісі, Министрлер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот, Сенат және көптеген тұрғын үй кешендері де бар.