Компания ақшасын ставкаға тігіп, ұтылған елордалық "тоналдым" деп құтылмақ болған
medium.com
Полицияға берген жалған арызы үшін ол сотты болды.
Елорда тұрғыны полицияға қасақана жалған арыз бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылып, мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам өзіне сеніп тапсырылған компанияның 30 100 теңгесін букмекерлік кеңсеге барып, ставкаға тігіп, ұтылып қалған. Жауапкершіліктен оңай жалтару үшін ол өзін "танымайтын біреулер тонап кетті" деп полицияға арызданған.
- Сот отырысында сотталушы қылмыстық әрекетін толықтай мойындады. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен, яғни "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша кінәлі деп танылып, оған мәжбүрлі түрде 100 сағатқа еңбекке жеге отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript