Жезқазғанда мектеп өртеніп, 640 адам эвакуацияланды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 20:29 Баспасөз қызметі
Құрбан болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

Жезқазғанда мектептің электр сымынан от шығып, ғимараттан 640 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

- 19 қарашада сағат 11: 39 шамасында өртке қарсы қызмет бөліміне Жезқазған қаласының №3 орта мектебінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде еңбек кабинеті отқа оранған: жонғыш станоктар, жиһаздар, ағаш еден мен терезе жақтауларын от шалған. Өрт 12: 03 уақытында ауыздықталып, ол 12: 10-да толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 640 адам эвакуацияланды, оның 540-ы оқушылар, - делінген хабарламада.

Құрбан болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

- Алдын-ала болжам бойынша, от электр сымның тұйықталуынан шыққан. Өрт сөндіруге Қарағанды ​​облысы ТЖД-ның 4 өрт сөндіру техникасы және 15 адамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алды, - деп хабарлады комитеттегілер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: