Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда маньяк жүр. Пышақ ұстаған еркек 12 жастағы қызға тап берген

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 15:52 видеодан кадр
Алаңсыз келе жатқан оқушы қызға қарсы келген ер адам бұрыла салып пышақ сілтеген екен.

Алматыда пышақпен қаруланған ер адам 12 жастағы қызға тап берген. Абырой болғанда, жасөспірім ер адамнан дер кезінде қашып құтылып, оқиғаны отбасына айтып беріпті. Дәл қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Дәл мектептің жанында оқушыға шабуылдаған күдікті қайда болуы мүмкін? Куәгерлер бар ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"6 сынып оқушысы күнделікті осы жолмен мектепке қатынап келген. Алайда оған белгісіз ер азамат тап берген кезде мұнда тірі жан болмаған. Зәре-құты қалмаған оқушы мектепке барып араша сұрапты. Ал тексеру барысында мұнда бірдебір камераның жоқ екені анықталған".

Оқиға таңғы сағат 10.30 шамасында №60 мектеп гимназияның жанында болған. Алаңсыз келе жатқан оқушы қызға қарсы келген ер адам бұрыла салып пышақ сілтеген екен. Абырой болғанда мүлт кеткен. Әбден шошынып қалған қыз мектепке барып, жаны қалған. Сезікті мектепке дейін артынан келген көрінеді. Ұстаздар қауымы оны жұбату үшін тіпті психолгтың көмегіне жүгініпті.

Сандуғаш Әбілқасымова, №60 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

"Қызымыз енді қашып кеткен одан. Увернулась как то. Қашып келіп, мектепке келіп сразу мұғалімдеріне айтып, қалай біз ол фактіні естідік сразу милицияны шақырттық. Милиция келіп жұмыстарын жүргізді. Териториядан сразу іздеп, өзімізде жүрдік жаңағы кісіні қарап. Бірақ енді таба алмадық".

Ата-анасы келген соң оқушы өзіне өзі келіп, күдікті азаматтың бет-әлпетін суреттеп берген. Сол бойынша фото-робот жасалып, полицейлер күдікті азаматты іздеуге кіріскен. Шамамен жасы 49-50 шамасындағы ер-азамат көрінеді. Ал мектептен 500 метр қашықтықта орналасқан екі бірдей білім беру мекемесінің бпейнебақылау камерасына шабуыл жасаған сәті түспей қалыпты.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

"Қазір арнайы тергеу тобы құрылып, оның құрамына білікті мамандар енгізілді. Криминалды полиция қызметкерлерінің қатысуымен іздестіру шаралары жүргізілу үстінде. Бейнекамералардың жазбалары қылмыстық іске тіркеліп, қазіргі таңда жіті талдану үстінде".

Бұл оқиғадан ата-аналар да үрейленіп қалған. балаларын мектепке өздері апарып, алып кететін болыпты. Ал оқиға орын алған жолмен күнделікті екі мыңға жуық бала қатынайды екен. Көше жарықтандырылмаған. Бейне бақылау камерасы да жоқ.

Галина Папазова, қала тұрғыны:

"Бұл шын мәнінде өте қорқынышты. Балаларды жалғыз жіберуден қорқамыз. Мектеп пен ағылшын тілі курсының арасы тиіп соның өзінде осындай оқиға орын алып отыр. Сондықтан өзіміздікімен бірге өзге балаларға да қарап отырамыз".


Шолпан Исаева, қала тұрғыны:

"Бұл жерде жарық шамдары мүлдем жоқ. Бірақ бұл жер ең қауіпсіз аймақ саналушы еді. Өйткені көліктер мүлдем жүрмейді. Дегенмен балаларға тапа тал түсте де шабуыл жасайтынын көріп отырмыз. Камералар жоқ. Тексеру барысында күдіктінің түрі көрінбеген".


Қазір полиция фото робот бойынша күдіктіні іздеу жұмыстарын қолға алған. Сақшылар көп ұзамай күдіктінің қолға түсетініне сенімді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: