Алматы облысында трасса бойынан елордалықтың денесі табылып, туысы ұсталды
Zakon.kz
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, пышақ пен темір құбыр қылмыс құралы ретінде пайдаланылған.
Алматы облысының полицейлері 31 жастағы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық істің бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факті Талғарда тіркелді. 23 қарашада Алатау-Тұздыбастау тас жол бойындағы арықта жергілікті тұрғындар азаптау белгілері бар жас жігіттің денесін тапты. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды ұйымдастырды.
- Адам өлтірді деген күдікпен жәбірленушіге алыс туысы болып келетін Талғар ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру себептері және барлық басқа жағдайлар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында, яғни «Кісі өлтіру» бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу ісі кезінде анықталады, деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, пышақ пен темір құбыр қылмыс құралы ретінде пайдаланылған.
"Қылмыстық тергеуді Талғар АІІБ жүргізіп, бұл іс облыстық басқарманың бақылауына алынды", - деп толықтырды полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript