Радикалды идеология жүргізетін желідегі топтарға 5 мыңнан аса алматылық тіркелген

ctc-rk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 23:06 ctc-rk.kz
Көпшілігі желідегі күмәнді топтарға жазылғандарын өздері де білмейтіні белгілі болды.

Алматы қаласының билігі автоматтандырылған жүйені пайдаланып, деструктивті діни идеологияны насихаттағандарды анықтау үшін Интернет кеңістікті зерделеп отырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша кешенді шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың басынан бастап Алматы қаласында радикалды бағыттағы желідегі күмәнді топтарға жазылған 5 мыңнан астам адаммен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Түсіндіру жұмысы кезінде олардың көпшілігі желідегі мұндай топтарға жазылғандарын өздері де білмейтіні белгілі болды. Кейбіреуі желідегі діни топта радикалды идеология насихатталады деп мүлде күмәнданбаған болып шықты. Нәтижесінде олардың барлығы желідегі күмәнді топтардан шығып кетті.

Қала билігі азаматтарға діни ақпаратты тек ресми тіркелген діни бірлестіктерден алуға кеңес береді.

Ал егер біреу радикалды идеологияны насихаттау фактілеріне тап болса, бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментіне немесе қоғамдық даму басқармасына хабарлай алады.

Сақ болыңыз! Әлеуметтік желілердегі радикалды діни бірлестіктердің ықпалына түсіп қалмаңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: