Жаңалықтар тізбегі
0

Пластикалық хирургтің сотында адвокат тағы бір сұмдық жайды жайып салды

видеодан алынды/КТК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:39 видеодан алынды/КТК
Бұл құпияны марқұмның туыстары жалдаған адвокат ашты.

Алматыда атышулы пластикалық хирург Алферовтың соты басталды. Майын алдыруға келген әйелді мәйітханадан бір-ақ шығарған дәрігермен бірге тағы екі әріптесінен жауап алынуда. Алайда арада аттай екі жыл өткен соң барып әрең дегенде сотқа тартылып жатқан хирург кінәсін мүлде мойындап отырған жоқ. Керісінше, соттан өзін босатуды талап етті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Cотталушы орындығында – үш адам. Пластикалық хирургпен бірге реаниматолог пен кезекші дәрігер. Олар отадан соң көп қан жоғалтып өлген Жанна Рахмановаға дер кезінде медициналық көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Бірақ Алферов секілді олар да кінәсін мойындаған жоқ. Десе де, кінәсізбін деген хирургтің тағы бір әйелдің өліміне қатысы бар көрінеді. Бұл құпияны марқұмның туыстары жалдаған адвокат ашты", - дейді телеарна тілшісі.

"Осыдан төрт жыл бұрын хирург тағы бір әйелдің артық майын алмақ боп өлтіріп алған», - дейді адвокат. Ол кезде туыстарының тілін тауып, жазадан сытылған. Бұл жолы Алферов оңай құтылмайын деп тұр.

Қайғылы оқиға 2017-ші жылы болған. 44 жастағы Жанна Рахманова іші мен жамбасының майын алғызуға Роман Алферовтың клиникасына барған. Содан тірі шықпады. Атышулы хирург арада екі жыл өткенде ғана ұсталғанымен, Алферов пен аталмыш клиниканың жарнамасы әлеуметтік желілерде әлі жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: