Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда біреу иттің мұрнын жұлып алған

Flickr/Melia Estkling, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:42 Flickr/Melia Estkling
Біз волонтер мен жануарларды қорғау мамандарымен бірге профилактикалық жұмысты күшейтіп, үй жануарларына қамқор болу әдістерін кеңінен насихаттауға тырысамыз - Алматы қалалық полициясы.

Алматы полициясы қала тұрғындарын жануарларға жанашырлық танытуға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы полиция департаменті мұрны жоқ итке қатысты қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөліміндегілер тексеру жүргізіп жатқанын, оның нәтижесі бойынша кінәлілерге қатысты заңға сәйкес шаралар қолданылатынын хабарлады.

- Соңғы кездері жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша шағым көбейіп барады. Әрине, оның алдын алу керек, өйткені мұны көрген балалар бұл қалыпты құбылыс деп ойлап қалуы мүмкін, кейін есейгенде үлкендердің осы жасаған қатыгез қылығын қайталап жүруі әбден мүмкін ғой. Бұған жол беруге болмайды. Жануарларға көрсетілген қатыгездікті жазалайтын бізде заң бар. Ол бекерден бекер қабылданған жоқ. Сондықтан біз волонтер мен жануарларды қорғау мамандарымен бірге профилактикалық жұмысты күшейтіп, үй жануарларына қамқор болу әдістерін кеңінен насихаттауға тырысамыз, - деді Алматы қалалық полиция департаментіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: