Жаңалықтар тізбегі
0

"Мұғалімдерден 100 мың теңге жинап жатыр" деген кісі комиссия келгенде жалтарып кетті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 00:27 видеодан алынды
Мұғалімнің айтқаны, тексере келгенде, расталмады.

Түркістан облысының білім басқармасы аймақтағы мектептердің бірінде директор құқық қорғау органдарына пара беру үшін мұғалімдерден 100 мың теңгеден жинап жатыр деген фактіге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдында Дихан баба ауылындағы Алтынсарин атындағы № 17 мектептің физика пәнінің мұғалімі мектеп басшылығы әртүрлі қажеттіліктер үшін ұжымнан үнемі ақша жинайтынын айтқан болатын.

Бақытжан соңғы ақша жинау кезегі келгенде шыдамы әбден таусылған. Бұл жолы мектептегілер оқушы қыздың оқиғасына көз жұма қарауы үшін тәртіп сақшысына 100 мың теңгеден жинамақ болыпты. Бақытжанның айтуынша, 9-сынып оқушысы мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген көрінеді, оны полиция рейд кезінде ұстап алған. Оқушы содан қатты қорқып, өз әрекетінің мән-жайын түсінбей, тамырларын кесіп тастапты.

Бұған Түркістан облысы Адам потенциалын дамыту басқармасының баспасөз орталығы былай жауап берді:

- № 17 орта мектебінің физика мұғалімі сұқбатында айтқан фактілер шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты Сарыағаш аудандық білім бөлімі жанынан арнайы комиссия құрылып, фактілерді анықтап, оны теріске шығару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бұл мәселе қамқоршылық кеңестің отырысында да қаралды. Кеңес жиынында № 17 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі ақша жинау фактісі мен 9-сынып оқушысының өзіне-өзінің қол жұмсау фактісі ойдан құрастырылғанын мойындады. Физика пәнінің мұғалімі Б.Б. осы жылдың 28 қарашасында берген сұқбатындағы ақпаратты жоққа шығарып, "Евразия" телеарнасына тағы да сұқбат бермекші. Бейресми деректерге сүйенсек, оқиға екі отбасы арасындағы кикілжіңнен туындап, әбден ушыққан.

Ондағылар бұл фактіні тексеру үшін басқарманың арнайы жұмысшы тобы сол ауылға аттанғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер даулы істі жабу үшін 100 мың теңгеден жинап жатыр

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: