Жаңалықтар тізбегі
0

"Директор ақша жинайды" деп баршаға жар салған мұғалім қоғамнан көмек сұрайды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 15:30 Ашық дерекөздерден алынды
Ол өз сөзінен бас тартпайды және әділдікті талап етеді.

Түркістан облысында шенеуніктердің, полицияның және оқу орны басшылығының қатысуымен болған даулы оқиға өз жалғасын тапты. Бұл туралы zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды

Дихан баба ауылының мұғалімі мектеп директоры полицияға пара үшін өз қол астындағыларынан 100 мың теңгеден жинап жатқанын айтқан. Оқушы қызға қатысты дауды "тыныш шешу" үшін-мыс. Ол сабақ кезінде кафеде жұмыс істеген.

Полиция кафеге рейд жүргізгенде 9-сынып оқушысын ұстап алып, арты үлкен дауға ұласпақ болады. Сол кезде қыз бала қорқып, тамырларын кесіп, ауруханаға түскен. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің бұған көз жұма қарауы үшін, әрине ақша керек болады. Әкімдіктегілер бұған дейін мұғалім осыған дейін айтқанының бәрін теріске шығарып, тіпті түсініктеме жазды деген. Ал физика пәнінің мұғалімі мұны жоққа шығарып, өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. Ол өз сөзінен бас тартпайды және әділдікті талап етеді.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер даулы істі жабу үшін 100 мың теңгеден жинап жатыр

"Мен ешқашан сөзімді кері қайтарып алмаймын, өйткені шын айтамын. Төрт адам келді. Бірі - мектеп директоры, екіншісі - мектеп директорының орынбасары. Мені көлікке отырғызып, аудандық білім бөліміне апарды. Білім бөлімінің бастығы сөз арасында мені қорқыта бастады, барлық видеоларымның заңсыз екенін айтып, сөзімді кері қайтаруға мәжбүрлеп, түсіндірмені күштеп жазғызып алды. Олар қысым көрсетті маған, өтірік жазуға мәжбүр етті", - деді мұғалім Бақытжан Бейсенбаев.

Тағы да: "Мұғалімдерден 100 мың теңге жинап жатыр" деген кісі комиссия келгенде жалтарып кетті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: