Байқоңыр қаласының тұрғыны өз үйінде жарылғыш заттар сақтаған
ТВ-МИГ
46 жастағы жергілікті тұрғын үш жылдан астам уақыт бойы өзінің пәтерінде үш тротил шашкаларын сақтаған.
Жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған Байқоңыр тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz Байқоңыр кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.
46 жастағы жергілікті тұрғын үш жылдан астам уақыт бойы өзінің пәтерінде әрқайсысының салмағы 200 грамм болатын үш тротил шашкаларын сақтағаны анықталды.
Қазіргі уақытта жарылғыш заттарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәркілеп алды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript