"Нұрлы таудағы" қайғылы оқиға: Куәгерлер көргенін айтып берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 15:55 zakon.kz
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өмірімен қош айтысқан жігіт өзі секірген бизнес орталығында жұмыс істемейді.

Алматыдағы ірі бизнес орталығында 48 жастағы азамат жоғарғы қабаттан секіріп өлді. Полицияның мәліметінше, ол 12-ші қабаттағы терезеден төменге құлаған. Жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өмірімен қош айтысқан жігіт өзі секірген бизнес орталығында жұмыс істемейді. Ол қаланың элиталық ауданындағы ғимаратқа бас сұғып, бірден 12 қабатқа көтерілген көрінеді.

Марқұмның далада жатқанын алғаш болып сол маңдағы сұлулық салонының қызметкерлері көрген. Олар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Бірақ биіктен оңбай құлаған жігіт дәрігерлер жеткенше жан тапсырған.

Қазір тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Алматының тумасын суицидке не итермелегені осы тергеу барысында анықталуы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: