Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Мега Тауда" ұялы телефон сататын жігіт оңбай ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 18:13 Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматыда ұрланған ұялы телефондарды ары қарай сату үшін қаскөйлер Бішкекке жіберіп отырған.

Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесе отырып ұрланған телефондарды сатумен айналысатын халықаралық арнаны жапты, деп хабарлайды zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясының арнайы операциясы негізінен Қордай кеден бекетінде жүргізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ізкесушілер 1996 жылы туған қырғыз азаматы тізгіндеген Honda көлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышынан құжаты және SIM картасы жоқ әртүрлі маркалы 45 ұялы телефон шықты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 18:13

Ұсталған азамат осы жылдың жаз айынан бастап Алматыда қолданылған телефондарды төмен көтерме бағамен сатып алумен айналысқанын айтты. Ол Алматыдағы "Мега Тау" сауда үйінде ұялы телефондар сататын тек бір саудагермен жұмыс істеген.

- Ұсталған адамның айтуы бойынша, ол екі жерлесімен бірге апта сайын Алматыға келіп, ондаған смартфондар мен басқа да гаджеттерді сатып алып, оны Бішкекте жоғары бағаға сатумен айналысқаны анықталды. Сонымен бірге, Алматыда арнайы жасақ сарбаздары "Мега Тау"-дағы 1989 жылғы сатушыны ұстады. Ол ұрланған ұялы телефондарды сатумен айналысқанын мойындады. Оның жұмыс орнында тінту жүргізу кезінде 64 ұялы телефон тәркіленді, - деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Сонымен қатар полиция басты қылмыскерлерді ұстау алдында олардың заңсыз әрекеттерінің негізінде процедуралық жолмен дәлел жинап, оны қылмыстық іс материалдарына тіркеп отырған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 18:13

- Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяу уақытта ұрланған телефондарды Алматыға қайтару шаралары қарастырылып жатыр. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын біз Алматыдан ұрланған 100-ден астам мобильді құрылғыларды Қырғызстан аумағынан тауып, оны тәркілеп, кейін заңды иелеріне қайтарғанбыз, - деді полковник Зиадин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 18:13

Сондай-ақ, Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұған дейін ұрланған мүлікті иемдену және сату мәселелері Алматы қаласы прокуратурасының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланғанын да қоса атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: