Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда парамен ұсталған шенді түрмеден құтылып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 15:10 zakon.kz
Сот оның жүрек дерті мен марапаттарын ескеріпті.

Павлодарда пара алған шенеуніктің денсаулығы мен марапаты ескеріліп, түрмеден құтылды, оған 15 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры, 61 жастағы азамат Бақытриза Дүйсембаев қараша айында парамен ұсталған болатын. Оның үйін тінту кезінде 500 мың теңге табылған. Бұл ақшаны ол Түркістандағы құрылысы бітпеген халыққа қызмет көрсету орталығының сапасын бағалаушы фирмадан алыпты. Ал әлеуметтік нысан жаңа өңірге Павлодар атынан тарту ретінде берілуі тиіс еді. Дүйсембаев бағалаушы компаниядан келісілген 2 жарым млн теңгенің бір милионын беруді талап еткен. Алайда оның жарымын ғана алып үлгерген. Бақытриза Дүйсембаев түрмеге жабылмады. Сот оның жүрек ауруы мен марапаттарын ескеріпті.

Қуаныш Төлебаев, судья:

- Бақытриза Дүйсембаев кінәлі деп танылсын. Сондайақ оған қомақты айыппұл салынуымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомствасында жұмыс атқаруға шектеу қойылсын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: