Алматыда пәтерін зарарсыздандырамын деп уланған бала мен ана да көз жұмды
telegraf.in.ua
Алдымен ұлы, одан соң шешесі көз жұмды.
Алматыда қандала дәрісінен уланып, ауруханаға түскен әйел көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жәндік дәрісінен уланып түскен 1952 жылы туған науқас кеше, 18 желтоқсан күні ес жимастан қайтыс болды. Ол осыған дейін ес-түссіз ауыр халде болып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Кешегі жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер барлық реанимациялық шараларды жасады, бірақ бәрі сәтсіз болды", – дейді басқармадағылар.
Айта кетсек, 1 желтоқсанда 1952 және 1982 жылғы ана мен бала Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне келіп түсті. Олар жүрегі айнып, басы қатты ауырып, аяқтары ұстамай, әлсіреп, іштері бүріп ауырады деп шағымданған. Көп ұзамай оларға: «Жәндіктерге арналған өте улы заттан тыныс алу жолы арқылы улану» диагнозы қойылды. Сөйтіп екеуі жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын.
12 желтоқсанда 1987 жылғы ер адам жүрегі тоқтап, ес жимастан көз жұмды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript