Көкшетауда ер адам бұрынғы әйелінің жұмысына келіп, шу шығарған
Сурет: zakon.kz
Отбасылық кикілжіңге ондаған адам куә болған.
Көкшетауда ажырасып кеткен ер адам бұрынғы әйеліне келіп, "быт-шытыңды шығарамын" деп қоқан-лоқы жасаған, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысының ПД-ға сілтеме жасап.
"2019 жылдың 20 желтоқсанында Көкшетау полиция басқармасының шұғыл байланыс желісіне облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны өзін бұрынғы күйеуі көзін құртқалы жатқанын айтып, шағым түсірді", - делінген хабарламада.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетті. 31 жастағы ер адам мен оның бұрынғы әйелі арасында кикілжің туындағаны анықталды.
Полицияның анықтауы бойынша, жәбірленушінің жұмыс орнына келген ер адам жанжал шығарып, әйелінің быт-шытын шығарамын деп қорқытып, қоқандаған. Отбасылық кикілжіңге ондаған адам куә болған.
Әйел полицияға арыз жазды, қазір істің мән-жайы тексеріліп жатыр. Аталған факті бойынша тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодекстің 115-бабы, яғни "Қауіп төндіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript