Желіде қызды алып қашқандардың видеосы тарауда
видеодан алынды
Кейін бұл оқиға Арыс қаласында орын алғаны белгілі болды.
Әлеуметтік желіде қыз алып қашқан сәттің видеосы тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеода бірнеше жігіт қызды көлікке сүйреп отырғызады. Бір ер адам оларды тоқтатуға тырысқанмен, онысынан түк шықпайды. Қызды мерекелік шарада тойлап жүрген жерінен күштеп әкетіп бара жатқан секілді.
Кейін бұл оқиға Арыс қаласында орын алғаны белгілі болды.
- Бұл жайт кеше (23 желтоқсанда) Түркістан облысының Арыс қаласында болған. Бүгін жәбірленушінің анасы полицияға арыз түсірді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы яғни "Адам ұрлау" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, деп хабарлады Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКешегі зоопарктен қашып кеткендер осылар ғой дим!!! ????????♂️????????♂️????????♂️ #позор
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript