Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ер адам алдымен әйеліне, кейін өзіне пышақ жұмсаған

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 15:59 www.inform.kz
Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.

Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды. Пышақталған ерлі-зайыптылар түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Полицияның дерегінше жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Ал бұған сенбейміз деген ер азаматтың туыстары жанжалға 70 мың теңгенің жоғалуы себеп болғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Оқыс оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы мына пәтерде қанды қылмыс кеше түс ауа болыпты. Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған қылмыстың ізі әлі сайрап жатыр. Терезеге жағылған қан дақтары әлі жуылып үлгермепті. Оқиға куәгерлерінің сөзінше қанға боялған келіншек терезеден сыртқа секіріп кетіпті. Көршілерді үлкен қызы көмекке шақырыпты", - дейді телеарна тілшісі.

Байсапар ТӨЛЕШОВ, КӨРШІ:

- Келгелі біз шок болып қалдық қой, ондай да болады екен ау деп...Мұндай нәрсені естіпегенбіз де, көрмегенбіз де. Күйеуі ашуланып әйелін не істеген дейді ғой, соны ғана білем, басқасын білмейм.

Қансыраған ерлі-зайыптылар қазір ауруханада. Дәрігерлер 38 жастағы келіншектің денесіне оншақты жерден түскен пышақ жарақатының орнын тіккен. Оның жағдайы бірқалыпты деп отыр. Ал оның 48 жастағы күйеуіне операция жасауға тура келген. Жансақтау бөліміне жатқызылған ер азаматтың хәлі ауыр.

Тайбек САДЫҚОВ, ШЫМКЕНТ қ. № 1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Түскен кездегі диагнозы көптеген мойын аймағының жарақаты, яғни бұл жерде қалқанша безі және де трахеяның зақымдануымен келіп түсті. Түскен кездегі осы ота бөліміне жатқызылып, сразу бірінші тиісті ота жасалынды. 55. Операциясында яғни қалқанша безінің қанау қан тамырларын тоқтатып жасалды және екінші трахеяға трахестонический түтікше қойылды.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.

Әсел СӘДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды.

Алайда өз әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды деген азаматттың ет жақындары бауырлары мұндай қатігездікке барды дегенге сенгісі жоқ. Олар мұны үшінші бір адам жасады деген ойда. Туыстарының білуінше сол күні ішкілік қойылған дастархан басында бірнеше адам болған көрінеді.

Бақыт ӘБЖАППАРОВ, ТУЫСЫ:

- Врачтардан сұрадым, жағдайын сұрадым. жағдайын сұраған едім, "үш жерден ба қырқылған" деді. Ол адам мойнына үш жерден пышақты ол қырқа алады деп мен ойламаймын. Сүйегіне дейін өткен деген әңгіме бар осы жерде.

Ерлі-зайыптының азаматтық некеден қыздары бар. Ал туыстарының айтутынша, жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан басталған.

Әлия ӘБЖАППАРОВА, ТУЫСЫ:

- Жеңгем 70 мың ақша жоқ деп осы жанжалды көтеріп отыр. Үйімде ақша ұрланды деп жанжал көтерген жеңгем боп отыр бұл жерде. Мен жеңгем істеді деп отырм, ашу үстінде барлық нәрсе болады.

Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында мәлім болмақ. Әзірге ауруханада жатқандардың өміріне қауіп жоқ деп отыр дәрігерлер.

Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/52748/
Материалды көшіріп басқанда astanatv.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: