Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста қызды күштеп алып қашқан жігітті босатып жіберді

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 15:53 Facebook
Бұл оқиғаны Түркістан облысының басшылығы назарда ұстап отыр.

Қазақстан әйелдері күштері альянсы Арыста ұрланған қызға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан әйелдері күштері альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шүжеева өз мәлімдемесін Facebook-тегі парақшасында жариялады

Ол Қазақстан әйелдері күштері альянсы атынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа тікелей байланысқа шығып, бұл жағдайды талқылады.

- Қыз қазір үйінде, қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Аталған факті Арыс аудандық полиция басқармасының қылмыстық істер тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына, яғни «Адам ұрлау» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, қыздың жігітке ешқандай тағар кінәсі жоғына байланысты оны босатып жіберген, - делінген хабарламада.

Бұл оқиғаны Түркістан облысының басшылығы назарда ұстап отыр.

- Ұлттық салт-дәстүр, әсіресе оңтүстік менталитеттің ерекшеліктерін абыр-дабырға айналдырмауларыңызды сұраймын. Бұл - еліміздің заңнамасында қарастырылған біздің іс-әрекетіміз бен міндеттеріміздің зардаптарын білмейтін жастардың абсолютті құқықтық сауатсыздығын көрсететін ерекше жағдай - деп атап өтті әйелдер альянсы.

Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы барлық ата-аналарға, оқу орындарының басшыларына және жастар тәрбиесімен жұмыс жасайтын басқа да ұйымдарға қатаң ескерту жасады.

- Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың белгілі бір әрекеттер үшін жауапты екенін білуі үшін түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Біздің қоғам осындай жағдайларға шыдамдылық танытуы керек және бұл идеяларды ата-аналар қауымдастықтары мен білім беру ұйымдарында насихаттау керек, - делінген хабарламада.

Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы - бұл әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған үкіметтік емес ұйым сипатығдағы әйелдердің бірлестігі.

Алдында желіде қызды алып қашқан видео тараған болатын. Видеода бірнеше жігіт қызды сүйреп көлікке күштеп отырғызып алып кетеді. Бір ер адам оларды тоқтатуға тырысқанымен, онысынан түк шықпайды. Кейін бұл Арыс қаласында болған оқиға екені анықталды. Бір жігіт өзімен бірге оқыған қызды үйлену мақсатында алып қашпақ болыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: