Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 15:11 instagram
Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда, таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы "Бек эйр " әуе компаниясының №Z2100 рейсі Алматы әуежайынан ұшу кезінде құлап, бетон қоршауды бұзып өтті. Ұшақ екі қабатты ғимаратқа соғылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқару жұмыстары бірден басталды, ұшақ өртенген жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны – 7 адам.

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына аттануда.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: