Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында түйелерді түсініксіз індет жайлап, шетінен қырылып жатыр

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 15:39 ernur.kz
Бүгінге дейін түсініксіз кесел облыстағы 7 ауданның бесеуіне тарап үлгерген.

Маңғыстау облысында атқамінерлер түйелердің қандай ауруға шалдыққанын анықтауға тырысуда. Мұнда 1100-ден астам Ойсылқара төлі белгісіз індетпен ауырған. Соның төрттен бірін мал дәрігерлері әлі де емдеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ауру күзде алдымен Қызылсай ауылынан шыққан еді. Кейін індет белгілерін өзге елді-мекендердегі түйе иелері байқай бастаған. Бүгінге дейін түсініксіз кесел облыстағы 7 ауданның бесеуіне тарап үлгерген. Өркештілер арасында тараған қандай індет екенін және оның себебін анықтауға Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары үш рет келген. Сараптамаға сынама алып кетіпті. Бірақ жұқпалы ауруды анықтау мүмкін болмады. Кеселдің алғашқы белгілері өркештілердің бәрінде бірдей. Алдымен жануарда әлсіздік пайда болады. Әрі шөп пен су ішпей қояды. Жергілікті билік қаңтарда тағы да астанадан мамандар келеді деп отыр. Ал жұрт малды қойып, өздерінің өміріне алаңдаулы. Атқамінерлер оларды сабырға шақырып отыр. Олардың айтуынша, әзірге ауру адамға жұқпаған", - дейді телеарна тілшісі.

Бақытжан Қашақов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Антибиотиктермен уақтылы емделген түйелер бір аптаның ішінде толық сауығып кетеді. Бұл аурудан малдың жаппай өлімі және де түйеден басқа малдардың және адамдардың ауыру фактісі болған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: