Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Ақордада шұғыл кеңес өткізді

Ақорда Ақорда
Жиында қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған ұшақ апатына байланысты Ақордада шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жиында қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.

"Апаттан көз жұмғандардың туыстарына және зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетіледі", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім, Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза тапты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен адамдарға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мәселемен Үкімет айналысады. Ал енді қайтыс болғандарды орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Айта кетейік, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда, таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы "Бек эйр " әуе компаниясының №Z2100 рейсіндегі Fokker-100 жолаушылар ұшағы Алматы әуежайынан ұшу кезінде құлап, бетон қоршауды бұзып өтті. Ұшақ екі қабатты ғимаратқа соғылды. Құтқару жұмыстары бірден басталды, ұшақ өртенген жоқ.

Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: