Жаңалықтар тізбегі
0

Зеленский Иранда ұшақ апатынан қайтыс болған өз елі азаматтарының туған-туыстарына көңіл айтты

Zuma / ТАСС, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 21:08 Zuma / ТАСС
Бүгін Тегерандағы ұшақ апатына байланысты Украина президенті Оманға сапарлап бара жатқан жерінен кейін Киевке оралды.

Украина Президенті Владимир Зеленский Иранда болған әуе апатынан қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

– Қиыр Шығыстан қаралы хабар жетті. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) көтерілген "Украина халықаралық әуебағыты" әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, әуежай маңына құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтағы барлық жолаушылар мен ұшақ экипажы да мерт болған. Біздің елшілік қайғылы жайттың себептері мен қаза тапқандардың тізімін анықтап жатыр. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды Зеленский өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, бүгін Тегерандағы ұшақ апатына байланысты Украина президенті Оманға сапарлап бара жатқан жерінен кейін Киевке оралды.

Бүгін Тегераннан Киевті бет алған Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілген соң араға екі минут салып апатқа ұшырады. Бортында 180 жолаушы болған. ҚР СІМ Иранда құлаған ұшақ ішінде қазақстандықтардың болмағандығын растады. Йордания басылымы Укарина ұшағына Иран атқан зымыран кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін екенін жазды. Алайда Тегеран әуежайы бұл техникалық ақаудан болған апат екенін, оның басқа себебі жоқтығын мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: