Шекарадағы қиын жағдайға байланысты қырғыздың ауыл халқы эвакуацияланып жатыр
Тәжікстанмен шекарадағы шиеленіске байланысты қырғыз ауылдарындағы халық эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, РИА Новости.
Тәжікстанмен шекаралас Көк-Таш ауылының тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында үйлерінен мектеп ғимаратына уақытша көшірілді, деп хабарлады агенттіктің дереккөзі.
Сондай-ақ, әкімшілік өкілдің айтуынша, шекара маңындағы Дахма ауылының тұрғындары да қауіпсіз жерге эвакуацияланған.
Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, жұма күні түнде белгісіз біреулер бірнеше көлік пен қырғыз азаматтарының үйіне тас лақтырған. Төтенше жағдай орнына жеткен шекарашыларға кішкентай калибрлі қарудан оқ жауған. Шекара қызметінің мәліметі бойынша, оқ Тәжікстан тарапынан атылған.
"Қазіргі уақытта атыс тоқтатылды. Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай тұрақты деп сипатталады. Баткен облысында орналасқан шекара бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде", - деді шекара қызметі.
Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігі жергілікті халықтың немесе екі елдің шекарашыларының арасындағы жиі қақтығыс алаңына айналады. Оған басты себеп – бөлініп, нақты белгіленбеген даулы аймақтар, соның салдарынан қос мемлекеттің нақты шекарасын анықтау мүмкін емес.