Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мүгедек кейуананы күтуші әйел соққыға жығып, тонап кетті

u-f.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 20:39 u-f.ru
Қаскөй әйелдің жанында көңілдес сыбайласы болған.

Алматыда 5 қаңтарда мүгедек кейуанаға бір ай бойы күтім жасаған медбике, ақырында оны соққыға жығып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаскөй әйелдің жанында көңілдес сыбайласы болған.

1953 жылы туылған әйелді таңғы 9-дан кешке дейін ұрып-соққан. Дауысын шығармас үшін аузына шұлық тығып, оны тепкілеп, үстіне секірген. Медбике оны тұншықтырып, өз қолымен өлтіремін деп айқайлаған. Мұның бәрі кейуананың үйіне күтушінің өзімен бірге тұратын ер адамды ертіп келіп, арақ ішуінен басталған. Бұл кезде әжейдің ұлы мен қызы жұмыста болыпты. Арақ ішіп отырған олардан кейуана су сұрапты. Сол кезден бастап ол соққыға жығылған.

Жәбірленушінің ұлы "НеМолчиkz" қорына құқық қорғау органдарының еш әрекет етпегені үшін шағым түсірген.

Ер адам үйге оралғанда қорқынышты көрініске тап болған. Үйде бәрі шашылып, еден қанға боялып, анасы көкала қойдай боп отырған. Олар жедел жәрдем шақырып, анасын ауруханаға жеткізген.

Учаскелік полиция қызметкері келген, сот сарапшылары да, сараптама да, ештеңе де жасамаған. Үйден алтын әшекейлер мен әжейдің ұялы телефоны да жоғалып кеткен. Мүмкін тағы бір нәрселері жоғалған шығар, бірақ қазір олардың дүниесін түгендеуге мұршасы жоқ. Отбасы ананың денсаулығына алаңдаулы, полициядан да ешқандай көмек ала алмауда.

"Шамасы, полиция бұл істі тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде тіркей салмақшы секілді, бірақ біз бұл жерде ауыр қылмыс жасалғанын көріп отырмыз", - деді жәбірленушінің ұлы.

Ақыры Бостандық полиция бөлімінен ешқандай қайыр болмаған соң жәбірленушінің ұлы медбикені өзі тауып алған. Ол үйінде удай мас болып жатқан. Оны өз қолымен полицияға алып келіп тапсырып, одан жауап алынғанда, күтуші әйел еш ұялмастан "оны өз қолыммен қылқындырып өлтіремін" деп айқайлаған.

"Бостандық ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: