ҚР ІІМ кәсіпкерді отбасымен өлтіріп кеткен қылмыстық істі жеке бақылауына алды
БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев арнайы баспасөз мәслихатында 14 қаңтарда осы өңірдегі Бәйтерек ауданының Янайкино ауылында болған қанды оқиға туралы баяндап берді, деп хабарлайды zakon.kz БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция полковнигі 14 қаңтарда кешкі сағат 21.50 уақытында Бәйтерек ауылы Янайкино ауданындағы жеке үй отқа оранып, өртті сөндіру кезінде 1953 және 1977 жылғы ер адамдардың және 1954 жылғы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар өлі денесі табылғанын айтты. Мәйіттер соттық-медициналық сараптамадан өтуі үшін мәйітханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға куәгерлері, сондай-ақ осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор М.Н. Әбілазимов, полиция басқармасы бастығының орынбасары, полковник А.Теміржанов және ПД тергеу бөлімшелерінің басшылары барды.
Бұл қылмыстың тергеу барысын ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығы мен облыстық полиция департаментінің басшысы жеке бақылауына алды.