Елорда әуежайында боранға байланысты 14 рейс кешігіп жатыр

gorodkiev.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2020 17:33 gorodkiev.com.ua
Желдің екпіні секундына 15 метрден және одан жоғары жылдамдықпен ұйытқып соққанда ұшақты қауіпсіздік мақсатында мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге рұқсат етілмейді.

Ұйытқыған боранның салдарынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 14 рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бес рейс ұшуға шыққан жоқ: оның төртеуі Алматыға бағыт алуы тиіс Air Astana әуекомпаниясына, тағы біреуі Мәскеуге ұшуы тиіс "Аэрофлот" әуекомпаниясына тиесілі", - деді Жеңіс Ахметжанов.

Сондай-ақ елордаға келуі тиіс тоғыз ұшақ та кешігіп жатыр. Оның басты себебі - ұшақтардың басқа қалалардан кешігіп келуі. Атап айтқанда, бұл FlyArystan әуекомпаниясының екі рейсі: Павлодардан және Мәскеуден келуі тиіс, сонымен қатар Air Astana-ның жеті рейсі (Алматыдан екі рейс, Шымкенттен екі рейс, Қызылордадан, Ақтөбеден, Оралдан бір рейстен).

"Желдің екпіні секундына 15 метрден және одан жоғары жылдамдықпен ұйытқып соққанда ұшақты қауіпсіздік мақсатында мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге рұқсат етілмейді. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп сөзін толықтырды Ахметжанов.

Ұйытқыған боранның салдарынан айнала көрінбей, Қазақстанда 30-дан астам жол учаскелері жабылды.

Ауа-райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Елордада дауылды ескерту жарияланды: метеорологтардың хабарлауынша, қар жауып, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: