Алматы облысында жоғалған екі оқушы қыз табылды

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2020 15:59 Алматы облыстық ПД
Жасөспірімдердің Алматыға таксимен жеткені анықталды.

Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалып кеткен балаларды тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін түнде полиция екі қызды Алматы қаласынан тауып, ата-аналарына тапсырды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің тергеушілер жоғалған балаларды Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты. Екі қыздың да денсаулығы жақсы. Жасөспірімдердің Алматыға таксимен жеткені анықталды. Олардың үйден кету себебі әлі нақтыланып жатыр. Сондай-ақ, біз жоғалған балаларды іздеуге көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз, - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

21 қаңтарда кешке Ескелді аудандық полициясына жергілікті тұрғын - Алдабергенов 2006 және 2008 жылы туылған балаларының мектептен оралмағанын, олардың жоғалып кеткенін айтып, арыз түсірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: