Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағаштық "байланған бала" облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2020 22:30 видеодан алынды
Баланың әкесінің айтуынша, баланың жағдайы расында ауыр.

Құқық қорғаушы Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, Сарыағаш ауданындағы "байланған бала" шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Әкесі елден көмек сұрайды, деп хабарлайды Отырар.

"Осыдан бірнеше сағат бұрын Сарыағаш ауданындағы екі жасар бала Түркістан облысындағы Келес аудандық ауруханасынан жедел жәрдеммен облыстық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауырлай түскен сыңайлы. Баланың әкесінің айтуынша, жағдайы расында ауыр. Әкесінің өтініші бойынша барлығынан баланың өмірі үшін көмек сұраймын. P.S .: Шымкент қаласындағы медицина деңгейіне байланысты Түркістан облысының уәкілетті адамдарымен жедел араласу қажет деп санаймын", - делінген жазбада.

Оқи отырыңыз: Видеосы желіде тараған байлаулы сарыағаштық бала ауырып, ауруханаға түсті

Естеріңізге сала кетейік, бір бөлмеде "байланған баланың" видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.

Биыл 8 қаңтарда жергілікті тұрғын Сарыағаш АІІБ-на бұрынғы зайыбы 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатыр деген арызбен жүгінді. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, яғни "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бойынша тіркеді.

Алдында баланың Келес аудандық ауруханасына түскені, оған Мальабсорция диагнозы қойылғаны, яғни бауыры мен асқазан қызметі нашарлағаны хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: