ШҚО-ның Алтай қаласындағы екі мектепте карантин жарияланды
informing.ru
Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне орай № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды" деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.
Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша, карантин жариялау туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге қаңтар айының аяғына дейін жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript