Жаңа босанған әйел нәрестені кір жуғыш машинаға салып, айналдырып жіберген

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 17:41 Pixabay
Жаңа босанған әйел баласы өлі туылды деген.

Ресейдің Свердлов облысы Талица қаласының тұрғыны жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып, айналдырып жіберген деп хабарлайды Lenta.ru.

Порталдың мәліметінше, оқиға ауқатты көпбалалы отбасында болған. Түнде күйеуі мен үш үлкен баласы ұйықтап жатқанда, әйелдің толғағы келіп, мезгілінен бұрын босанған. Ол бірден жаңа туған нәрестені кір машинаға салып, жуып, одан соң оны өлі туды деп мәлімдеген.

Көршілердің айтуынша, полицияны әйелдің күйеуі пәтерге шақырған: таңертең ол балабақшаға, мектепке балаларын жинап жатқанда әйелінің қансырап жатқанын көреді. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, болған оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге Ішкі істер министрлігі мен Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: