Хайнаннан келген Қазақстан азаматы онда не болып жатқанын айтты
Екі күн бұрын коронавирус жұқтырушысының алғашқы өлімі тіркелген Хайнань аралында демалысын өткізген қазақстандық әйел өз басынан өткенін баяндап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Аты-жөнін атамауды қалаған қазақстандық әйел Хайнань аралынан кеше түнде оралған. Қытайда ол бір аптаға жуық уақыт өткізген: еңбек демалысына барған.
- Алғашқы үш күнде бәрі жақсы, адамдар көп болды. Оның үстіне оларда Жаңа жыл ғой. 26-нан 27-ге қарай олар карантин жариялап, аралдағы барлық экскурсияларды тоқтатты, ірі сауда орталықтары, дүкендер, кафелер жабылып қалды. Мұны көп адам Қытайдағы Жаңа жылмен байланыстырды, бірақ жергілікті қытайлармен сөйлескенде мұның карантинге байланысты екенін айтты, - деді ол.
Карантин жарияланғаннан кейін оның отбасы сыртқа шықпай бөлмеде отыруға мәжбүр болған.
- Тез даяр болатын бич-пакеттер сатып алдық. Сыртқа көп шығар бермес үшін әрі қасымызда балаларымыз бар ғой, соларға алаңдадық.
Қазақстандық әйел туристерге бетперде сатып алу өте қиынға тигенін айтты.
- Онда да астыртын қолдан бірнеше есеге сатып аласыз. Аралда кәдімгі масканы 30-дан (1600 тг.) 50 юанға (2700 тг.) дейін сатып алуға болатын еді.
Әйелдің айтуынша, қазақстандықтарға дәріханаларда бетперде жоқ деп айтқан, бірақ қандай да бір себептермен оларды сатып алғысы келген қытайлықтарға сатушылар "пакетімен беріпті".
- Ұшақта (қазақстандық тарап - ред.) бетперде болды (тексерулер - ред.). Қолында арнайы құрылғысы бар әйел кіріп, бәрімізді тексерді. Тек бір кішкентай баланың ыстығы бар болып шықты, бірақ мен оны ана аурумен байланыстырмаймын. Өйткені бала өте кішкентай, бәлкім, оның тістері енді шығып келе жатқан шығар. Бәрі қалыпты, ешкімнің ыстығы болған жоқ. Қытай жағынан ешкім тексерген жоқ, тек бізді ұшаққа отырғызып, қоя берді, - дейді ол.
Бүгінгі күні жаңа вирустан қайтыс болғандар саны 162 адамға дейін жетті. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Коронавирустан бір адам өлген Уханда жүзге жуық қазақ студенттері бар. Қазір елордалық әуежай Уханнан ұшуға дайындалып жатыр.