Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 18:07 24.kz
Оларды ел басшылығы деңгейінде талқылау жоспарланып отыр.

Атыраудағы сәби өліміне мониторинг жасау кезінде бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Атыраудағы жаңа туған нәрестені өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істерді тергеу кезіндегі мониторинг денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын бағалаудағы жүйелі кемшіліктерді анықтады, - деді Шпекбаев.

Жалпы алғанда, оның айтуынша, мемлекеттік басқарудың бірқатар басқа салаларында да статистика құру кезінде жіберілген айтарлықтай проблемалар анықталды. Оларды ел басшылығы деңгейінде талқылау жоспарланып отыр.

- Сондай-ақ, біздің сарапшылар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мемлекеттік сатып алу кезінде 800 миллион теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Онда да бұл бір айдың ішінде - 2019 жылдың желтоқсанында анықталған жайт, - деді агенттік басшысы.

Атырауда немқұрайлылық салдарынан жаңа туған нәресте тоңазытқышқа салынған, алайда, баланың тірі екенін белгілі болса да дәрігерлер оны сонда қалдырған. Өйткені алдында толтырылған құжаттағы дерекке сәйкес сөгіс естуді жөн көрмеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: