Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде БҚО-ға құлаған зымыран бөлешігінің суреті жарияланды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 20:38 Pixabay
Оқиға орнында шұғыл құрылған топ жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құлаған зымыранның бір бөлігі мемлекеттік шекарадан үш шақырым жерден табылды, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, зымыран бөлігі 30 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданындағы "Молодость" жаяу жүргіншілер өткелінің маңына мемлекеттік шекарадан үш шақырым жерге құлаған.

Бөкейорда ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов бұл ақпаратты растады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 20:38

- Шамасы, бұл зымыранның отын багы болуы керек, 30 қаңтарда шекарашылар тапты оны. Ресей жаттығулар өткізіп, зымыранның бір бөлігі сол жақтан ұшып түскен деп болжаймыз. Оқиға орнында шұғыл құрылған топ жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Нұрлан Рақымжанов.

Ол мамандар тексеруінен соң тағы ақпарат берілетінін айта кетті.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан территориясына Ресей зымырандары сынықтарының құлауы бірінші рет емес. Мысалы, 2014 жылдың 27 наурызына қараған түні Бөкейорда ауданындағы Шунгай ауылының шетіне де құлаған, оны кейін мамандар метеорологиялық зымыранның бөлшегі екенін растаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: