Алматы облысында "Серік Голова" ұсталды

kompromat1.live, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 18:20 kompromat1.live
Серік Жаманаев өзі жетекшілік ететін қылмыстық тобы мүшелерімен бірге құрықталған.

Сенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ бірлескен операция жүргізіп, Алматы облысы аумағында атышулы қылмыстық авторитет (кейбір деректерде "заңдағы ұры" – ред.) Серік Жаманаев – "Серік Голова" ұсталды, деп хабарлайды Nege.kz.

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Серік Жаманаев өзі жетекшілік ететін қылмыстық тобы мүшелерімен бірге құрықталған. Оларға адам өлтіру, бопсалау және тағы да басқа ауыр баптар бойынша айып тағылған.

Бұған дейін Nege.kz порталы Серік Жаманаев туралы "Серік "Голованың" сергелдең тағдыры" атты көлемді мақала жариялап, Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаған. Онда С.Жаманаевтың қайда екенін, пробацтиялық мерзімі біткен-бітпегенін, түрмеден шыққан соң "Серік Голованың" немен айналысып жүргенін сұраған.

Алайда ІІМ әзірге жауап берген жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 18:20

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: