Ақтауда АШМ-ға қарасты мекеме басшысын ұстау кезіндегі видео жарияланды
видеодан алынды
Ол кінәсін мойындады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясының басшысы сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық және қызмет бабындағы қылмыс күдігімен тергеуді бастады. Ол ЖШС өкілінен өз қамқорлығына алғаны үшін бірнеше мәрте 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды және жем-шөпке арналған арпаны шетелге экспорттауға арналған ветеринарлық анықтамаларды заңсыз жеделдетіп жасап берген деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, аталған лауазымды тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымның басқару қызметіне араласуы заңсыз деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ, осы ұйым атқарылмаған қызмет бойынша, яғни дезинфекциялық қызметтерді көрсету туралы ЖШС-мен келісімшартты кедергісіз дайындап, жеңілдіктер ұсыну арқылы 2 миллион 500 мың теңге көлемінде пайда тапқан деген факті де тексеріліп жатыр.
Күдікті қамауға алынбады, себебі ол кінәсін мойындап, уақытша кепілхатпен босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript