Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмолада көшеде тоналған кәсіпкер 27 мың долларынан айырылды

crimea24.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 21:27 crimea24.tv
Күдіктілер ұсталды.

Атбасарда екі ер адам көшеде кәсіпкерді ұрып-соғып, қол сөмкесін тартып алған. Оның ішінде 27 500 доллар болған, деп хабарлайды zakon.kz.

- 28 қаңтарда белгісіз екі адам жеке кәсіпкерге жабылып, дене жарақаттарын келтіріп, 27 500 доллар, сондай-ақ құжаттар мен банктік карталар бар қол сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен, делінген Ақмола облысының ПД хабарламасында.

Полицейлердің мәліметінше, кәсіпкер Ақмола облысына Алматыдан келген, қылмыс ер адам жергілікті қонақ үйге бара жатқанда жасалған. Қылмысты ашу және қарақшыларды анықтау үшін жедел топ құрылып, іздеу шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Атбасар қаласының 26 ​​және 28 жастағы тұрғындары анықталып, қамауға алынды.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, яғни "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: