Ыстамбұлда апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстанның екі азаматы болған

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 20:41 24.kz
Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.

Ыстамбұлда апатты жағдайда қонып, үшке бөлінген ұшақта екі қазақстандық болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығының хабарлауынша, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де Қазақстанның екі азаматы Ыстамбұл әуежайына апатты жағдайда қонған ұшақта зардап шеккен. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды. Бас консулдық жағдайды бақылауға алып, отандастарымызға көмек көрсету үшін іс-шаралар қабылдауда, деп атап өтті ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Измирден ұшып келген ұшақ қону кезінде ұшу жолағынан ауытқып, үшке бөлініп қалды. Бортта барлығы 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала және экипаждың алты мүшесі.

Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы жағдайға ауа-райы себеп болған.

Әуежай жабылып, Түркияның Бас прокуратурасы тергеуді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: