Жаңалықтар тізбегі
0

Масанчи ауылындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмғандардың тізімі жарияланды

hczaural, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2020 03:55 hczaural
Қазақстан дүңгендер қоғамының мәліметі ішкі істер министрлігінің ақпаратымен сәйкес келеді - Қордайда сегіз адам көз жұмды.

Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

1. Исыров Баху, 1988 жылы туған

2. Чонтей Абдула, 1986 жылы туған

3. Харсанов Рам

4. Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі

5. Шисыр Рахим

6. Хишанло Сулейман

7. Лохаш Лугмар (Бұлан Батыр ауылы)

8. Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)

"Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр", - деп хабарлады Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы.

Айта кетсек, 7 ақпанда сағат 19.00-де полиция бөлімшесіне Қордай ауданына қарасты ауыл шетінде шамамен 70-ке жуық ауыл тұрғыны жиналып, төбелескелі жатыр деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірден жетті. Бұл кезде төбелес болып, жұртты арандатушылар мен куәгерлер оны телефонына түсіріп, видеосын таратқан. Әлеуметтік желілер арқылы олар азаматтарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық төбелеске жан-жақтан адамдардың келіп қосылуына әкеліп соқты. Атап айтқанда, маңайдағы көрші елді-мекендерден 300-ге жуық адам тартылған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, 40-тан аса адам жарақат алды, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Қазір ұсталған адамдардың босатылғаны туралы мәлімет бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: