Жаңалықтар тізбегі
0

Масаншыдағы қақтығыс кезінде Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары да жараланған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 16:23 zakon.kz
Оған жасалған операция сәтті шығып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды. Оның ішінде Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары да бар, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

8-ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келді. Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алғаны, 9 – ы- атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды.

Соның ішінде Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков жарақат алғандардың қатарында бар. Оған жасалған операция сәтті шығып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы - екі санның жоғарғы жартысынан жарақат алды.

Жағдай тұрақталып, полицейлер бақылауға алғаннан кейін, қызметкерлер орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінді. Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің (бронежилет) арқасында қақтығыс кезінде алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталды. Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда.

Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде .

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: