Алматыда тұраққа қойған көлігін жол бойынан тапқан әйел аң-таң
видеодан алынды
Көлікті жақтау бетонға қарамастан сүйреген, өйткені алдыңғы жақтың бәрі майысып, сырылған.
Алматыда тұраққа қойып кеткен әйелдің көлігі жолаушылар жолынан табылып, бұл істің мәнісін ешкім аша алмай аң-таң, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл оқиға 11 ақпанда, шамамен күндізгі 13.00 уақытында Жолдасбеков көшесіне жетпей Достық даңғылында болған.
Көлікті тұраққа қойдым, сөйтіп өз шаруаммен кеттім, біраз уақыттан кейін менің көлігімнің тротуар бойында тұрғанын айтып, қоңырау шалды. Қайтып келсек, расында көлік тротуарды жауып тастаған, оны кім істегені белгісіз, бірақ көлікті жақтау бетонға қарамастан сүйреген, өйткені алдыңғы жақтың бәрі майысып, сырылған. Егер осы жайтқа куә болғандар болса, маған хабарласыншы. Көліктен ештеңе ұрланбаған, бірақ кінәліні табу керек, - дейді желіде тараған видеодағы әйел, әу баста темір тұлпарын қай жерге қойғанын көрсетіп жүріп.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript