Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаштан шыққан апалы-сіңлілі қыздар ұрлық жасап көтерілмек болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 15:56 видеодан кадр
Кішкентай екі баласын қалай жеткізерін білмей, ұрлық жолын таңдаған болуы мүмкін.

Балқаш қаласынан Алматы облысына "қылмыстық гастрольге" келген екі әйел бутиктер мен дүкендердегі бірқатар ұрлықтар жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында күдіктілердің Балқаш қаласынан келгені, қолдарына жас балалар ұстаған екі әйелдің апалы-сіңлілі туыс екені анықталды. Оларға бір күн ішінде тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаудың бес дерегін жасады деген айып тағылды", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 ақпанда Қарасай ауданының "МОЛЛ АПОРТ" сауда ойын-сауық кешенінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 және 33 жастағы екі әйел ұсталды. Күдікке ілінген әйелдердің 1 жастан асқан және 7 жастағы бүлдіршіндері бар. Жеке басын тексеру кезінде туыстардан әйелдер мен балалардың ұрланған жаңа киімдері табылып, олардың кешен аумағындағы дүкендердің бірінен жымқырылғаны анықталды. Сонымен қатар, бейнебақылау жазбаларының көмегімен бұлтартпас айғақтар арқасында күдіктілер бұдан өзге тағы төрт бутик және дүкенде орын алған ұрлықтарын мойындады. Үптеп кеткен заттарын қайда жасырғанын көрсеткен.

"Олар бір күн ішінде жалпы сомасы 350 000 теңгеден асатын соманың тауарларын ұрлаған. Онывң ішінде майка, футболка, пальто, джинсы, легинсы және өзге де киімдер бар. Ұрланған мүлік қажетті тергеу әрекеттерінен соң заңды иелеріне қайтарылды. Өзгенің мүлкін ұрлаудың бес дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің қылмыстық тәжірибесі бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы бутиктерден заттарды ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс сотқа жетпей, қысқартылған. Күдіктілердің кәмелетке толмаған жас балаларының бар екені ескеріліп, олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: